Қытай елшілігі Қазақстандағы «белгісіз өкпе қабынуына» қатысты ақпаратын түзеді – СІМ

0
585

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлім етті.


Қытай елшілігі Қазақстандағы «белгісіз өкпе қабынуына» қатысты ақпаратын түзеді – СІМ

ERNUR.KZ. Қазақстандағы Қытай елшілігі елімізде өкпе қабынуына қатысты теріс ақпаратына түзету енгізді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың айтуынша, хабарлама тарай сала, Алексей Цой мен елші арасында телефон арқылы әңгіме орнаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Біз Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға сала елші мырзамен жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі арасындағы телефон сұхбатын ұйымдастырдық. Телефон сұхбатының нәтижесінде барлық мәселе бойынша тиісті ақпарат, түсініктеме Қытай тарапына жеткізілді. Нәтижесінде, елшілік өзі таратқан ақпаратқа тиісті өзгерістер енгізді», - деді Ержан Ашықбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 10 шілде күні Қазақстандағы Қытай елшілігі біздің елде жүрген отандастарын сақтыққа шақырып, елімізде «біртүрлі пневмония» тарап жатыр деген ақпарат жіберген болатын.

«Коронавирустан гөрі, осы аурудан өлім-жітім көп. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі басқа да мекемелермен бірлесе отырып, пневмония вирусына салыстырмалы түрде зерттеу жасағанымен, нақты анықтама табылған жоқ», - деп жазған еді елшілік.