Министрлік биылғы ҰБТ жайлы өзгерістер мен қатаң ережелер туралы ескертті

0
1 041

ҰБТ аяқталғаннан кейін тестілеу кезінде түсірілген видеоматериалдар біраз уақыт бойы тексеріледі


Министрлік биылғы ҰБТ жайлы өзгерістер мен қатаң ережелер туралы ескертті

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. ҰБТ аяқталғаннан кейін тестілеу кезіндегі видеоматериалдар біраз уақыт бойы тексеруден өткізіліп, көшірумен айналысқан түлектердің жинаған ұпайы жойылады. Бұл туралы «Birge oqý» жобасының арналары арқылы өткен тікелей эфирде «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Осы жылдағы тағы бір жаңалығымызға тоқталсақ, Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталғаннан кейін бізде аудиториялардағы видеоматериалдарға талдау жасалады. Егер осы бейнежазбалар барысында тестіленушінің тыйым салынған затты (смартфон және өзге де құрылғылар) пайдаланғанын анықтасақ, оның тестілеу нәтижесін (сертификатты) жоятын боламыз. Атап айтқанда, ол білім беру грантының конкурсына қатысып, грант алған жағдайда, оның конкурс нәтижелерін жою мүмкіндігі бар», - деді Наужан Дидарбекова.

Осы орайда Ұлттық тестілеу орталығының өкілі ҰБТ тапсыру кезінде барша түлектерді ашық әрі адал болуға шақырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҰБТ-да заңсыз әрекет жасағандар жыл бойы тестілеу тапсыру мүмкіндігінен айырылады.