Министрлік елімізде тұрғындардың жидектер мен өсімдіктерді қандай нормада тегін жинай алатынын айтты

0
257

Дегенмен белгілі бір жинақ мөлшерлемесі арқылы флораны түгендеу, геоботаникалық және ресурстық зерттеу материалдары негізінде норма белгіленбек.


Министрлік елімізде тұрғындардың жидектер мен өсімдіктерді қандай нормада тегін жинай алатынын айтты

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті еліміздегі тұрғындар жидектер мен өсімдіктерді қандай нормада тегін жинай алатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Министрлік халықтың жеке және тұрмыстық қажеттіліктері үшін жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік өсімдіктерді жергілікті мәслихаттардың шешімімен бекітілген шектерде тегін және тиісті рұқсаттарсыз жинауына кедергі қойылмайтынын айтады. Дегенмен белгілі бір жинақ мөлшерлемесі арқылы флораны түгендеу, геоботаникалық және ресурстық зерттеу материалдары негізінде норма белгіленбек.

Жидек пен өсімдіктер жинауда бір адамға қойылатын шектеулер:

  • (сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерден басқа) дәрілік өсімдіктер үшін10 кг-ға дейін;
  • жемістер мен жидектер 20 кг-ға дейін;
  • саңырауқұлақтар 25 кг-ға дейін.

Ал өсімдіктерді бизнесте пайдаланатындар үшін бұл ақылы болады. Олардың құны жинақ көлеміне, таралуына, құндылығына, молайту мүмкіндігіне, осы ресурстардың өнімділігіне байланысты айқындалады.

"Алым сомасын да жергілікті мәслихаттар әкімдіктердің есептеулеріне сүйене отырып, нарықтық бағалар мен оларды дайындау, өңдеу, тасымалдау және өткізуге жұмсалған шығындар сомасының айырмашылығына қарай белгілейтін болады. Өсімдік ресурстарының нарықтық бағасы өнімді жинау маусымында сол орында белгіленеді", - деп түсіндірді комитеттегілер.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар енді саңырауқұлақ пен жидек терсе, салық төлейтінін хаабарлаған болатынбыз.