Министрлік Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жасады

0
508

Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар болып келген.


Министрлік Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Александр Винокуров пен астаналық командадағы жағдайға қатысты алаңдаулы, деп жазады zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар болып келген.

"Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбаған. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады. Қазір "Астана" Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр. Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі", деп хабарлады министрлік.