Мәжіліс депутаты: Бәрін алдап қоя алмаймыз, ертең үкіметке, билікке сенім жоғалады

0
1 453

Күрделі мәселенің бірі — 10 сотық жер. Біз қазір осы мәселені түбегейлі шешуіміз керек. Менің ойымша, оның бір шегі де болуы қажет, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса алмайды.


Мәжіліс депутаты: Бәрін алдап қоя алмаймыз, ертең үкіметке, билікке сенім жоғалады

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев билік жеке баспана салу үшін берілетін жер телімдерінің төңірегіндегі жағдайды талдап, халыққа түсіндіруі керек, дейді. Бұл туралы халық қалаулысы "Нұрлы жер" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған отырыста айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Күрделі мәселенің бірі — 10 сотық жер. Біз қазір осы мәселені түбегейлі шешуіміз керек. Менің ойымша, оның бір шегі де болуы қажет, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса алмайды. Бүкіл жердің инфрақұрылымын қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыны салмақтап, талдап, үкімет айту керек. Қай жерде тоқтауымыз керек, қай уақытқа дейін бұл бағдарламаны жасауға тиіспіз. Өйткені бүгін барлығына 10 сотық тиесілі дедік. Ал сол тиесілі жерін бере алмаймыз", — деді депутат "Нұрлы жер" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған отырыста.

Оның айтуынша, жеріміз кең байтақ болғанымен, оның бәріне инфрақұрылым тарту мүмкін емес.

"Сондықтан осыны талдап, халыққа жеткізу керек. Өйткені, бәрін алдап қоя алмаймыз, ертең үкіметке, билікке сенім жоғалады. Өкілетті орган осы мәселені зерттеп, шындықты айтуы керек деп ойлаймын", — деп түйді сөзін Өксікбаев.