​Назарбаева білім ордасындағы асхана, спорт зал және ойын алаңдарын жалға беруді ұсынды

0
1 452

Дариға Нұрсұлтанқызы сабақ аяқталып, барлық оқушыны үйге жібергеннен кейін мектептен қосымша табыс табу керектігін жеткізді.


​Назарбаева білім ордасындағы асхана, спорт зал және ойын алаңдарын жалға беруді ұсынды

сурет:top.st

ERNUR.KZ. Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектептің мұғалімдерімен кездескен сенат депутаты Дариға Назарбаева мектеп өз ақшасының біраз бөлігін өзі табуы керек деп мәлімдеді, деп жазады ktk.kz.

Жолдауды ұстаздарға жан-жақты түсіндіруге келген сенатор білім ордасындағы асхана, спорт зал және ойын алаңдарын жалға беруді ұсынды. Дариға Нұрсұлтанқызы сабақ аяқталып, барлық оқушыны үйге жібергеннен кейін мектептен қосымша табыс табу керектігін жеткізді. Ал түскен пайда мұғалімдердің жалақысына қосылуы тиіс дейді сенатор. Сондай-ақ, білім ошағының арнайы қонағы болған Дариға Назарбаева ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

- Ауылдар мен кей өңірлерде мектеп асханасында дастархан жайып, дүбірлетіп той жасайды. Енді осы тойдың ақысын ресми түрде мектеп бюджетіне аударсақ деймін. Менің айтып отырғандарым Білім беру бағдарламасында қарастырылған.