ОЛИМП КДЗ: ​Қазақстанда ұл балалар қызылшамен жиірек ауырады

0
228

Қазақстанда соңғы жылы қызылшаның ең кең тарауы байқалды.


ОЛИМП КДЗ: ​Қазақстанда ұл балалар қызылшамен жиірек ауырады

ERNUR.KZ. ОЛИМП клиникалық-диагностикалық зертханасының зерттеулерін талдауға сәйкес елімізде 2023 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметтер негізінде бір жастан жеті жасқа дейінгі балалар қызылша ауруына жиірек шалдыққан. Бұл ретте, жыныстық бөлініс бойынша аурудың 55% жағдайында диагноз ұл балаларда анықталды.

Небәрі жарты жылдың ішінде ОЛИМП КДЗ-да қызылшаға IgM болуына 11 897 пациент тексерілді, оның ішінде 6059 адамда (51%) оң нәтиже болды. Бұл, өз кезегінде, қазіргі немесе жақында болған инфекция туралы айтады.
Сондай-ақ, ОЛИМП КДЗ-да қызылшаға қарсы антиденелер бір жасқа дейінгі балаларда жиі анықталды. Бұл көрсеткіш 1038 нәрестені немесе өтініш бергендердің жалпы санынан 17%-ды құрады. Антирейтингтің үштігіне жетіден 14 жасқа дейінгі балалар да кіреді.
Алты ай ішінде балалардың осы жас санаты арасында IgM 668 зерттеу жағдайында анықталды.
«25 жастан асқан ересектерде қызылша ауруы сирек кездесетініне назар аударған жөн. Осылайша, 25 пен 35 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер қызылшамен ауыратын адамдардың жалпы санынан небәрі екі пайызды құрайды. Бұл ретте, 35 жастан асқан адамдар қызылшамен он есе аз ауырды. Бұл көрсеткіш иммундау сапасына байланысты шығар», - деп атап өтті ОЛИМП КДЗ бас директоры Ерлан Сүлейменов.