Орал полициясы бастығының орынбасары қылмыс үстінде ұсталды

0
977

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Орал полициясы бастығының орынбасары қылмыс үстінде ұсталды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті өткізген жедел іс-шара барысында Орал қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"ІІМ лауазымы мен атағына қарамастан, полицейлер тарапынан жасалған парақорлық пен азаматтардың құқығын бұзу фактілерін жоюды одан әрі жалғастырады. Дәл осындай қызметкерлер Қазақстан халқына адал қызмет ететін полицейлердің атына кір келтіруде. Оларды анықтау жалғасып жатыр", - деді өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов.