Өскеменде қоқыс өртейтін зауыт салынбайтын болды

0
559

Шаһар басшысының айтуынша, мұндай шешім тұрғындардың пікірі ескеріліп, қабылданған.


Өскеменде қоқыс өртейтін зауыт салынбайтын болды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының аумағына қоқыс өртейтін зауыт салынбайды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Жақсылық Омар хабарлады. Шаһар басшысының айтуынша, мұндай шешім тұрғындардың пікірі ескеріліп, қабылданған.

Қоқыс өртейтін зауыт салынады дегенді естіген экологтар да қарсылық танытқан болатын. Олар жаңа кәсіпорын салынса ауаға жыл сайын 100 тоннаға дейін зиянды қалдықтар тарайды деп, дабыл қақты.

Қауіпті дертке шалдықтыратын улы қоспалардың жаңадан оншақты түрі пайда болатынын айтып, бизнес нысанның құрылысына түбегейлі қарсы болды. Қарсылық танытушылар кәсіпорын қала сыртына салынсын деп, талап қойды.