​Өскеменде тыйым салынған діни кітаптарды сақтаған ер адам сотталды

0
1 429

31 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты.


​Өскеменде тыйым салынған діни кітаптарды сақтаған ер адам сотталды

Өскемен қаласында тыйым салынған діни кітаптарды сақтаған ер адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметіне сүйенсек, тыйым салынған діни кітаптарды сақтаған 31 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

Белгілі болғандай, айыпталушы діни кітаптардың суретін әлеуметтік желіге салған. Желіге мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері мұны байқап, оған қатысты іс қозғады. Сот барысында азамат кінәсін мойындамай, кітаптардың өзінікі еместігін айтқан.

«Ер адамның ұялы телефонынан діни сипаттағы аудиоқосымша да табылды. Айыпталушы ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігімен (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) кінәлі деп танылды. Тәртіп бұзушыға 241 500 теңге айыппұл салынды», - делінген ақпаратта.