Павлодар облысындағы коронавирусқа қатысты мәлімет бұрмаланып берілген

0
693

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 1 адам ғана тіркелген.


Павлодар облысындағы коронавирусқа қатысты мәлімет бұрмаланып берілген

Денсаулық сақтау министрлігі Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың екінші жағдайы туралы бүгін тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Ол пациент ресми түрде Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр, алайда короновирус инфекциясын анықтауға қатысты күн сайынғы зерттеулердің көптігіне байланысты, аталған пациенттің сынамалары Павлодар облысына жолданған.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 1 адам ғана тіркелгенін растаймыз", делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасында.

Жалпы елімізде (2020 жылғы 31 наурызда сағат 16:30 бойынша) коронавирус тіркелгені туралы 336 жағдай расталған, олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 176,
Алматы қаласында – 82,
Қарағанды облысында - 13,
Атырау облысында - 13,
Ақмола облысында - 10,
Жамбыл облысында - 3,
Шымкент қаласында - 2,
Шығыс Қазақстан облысында - 2,
Алматы облысында - 8,
Ақтөбе облысында - 3,
Солтүстік Қазақстан облысында - 2,
Павлодар облысында - 1,
Маңғыстау облысында - 1,
Қызылорда облысында - 18,
Батыс Қазақстан облысында - 2.