Павлодарда 29 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

0
509

Кетер алдында ол қоштасу хатын қалдырған.


Павлодарда 29 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Павлодарда 29 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«VITA» еріктілер жасағының мәлімдеуінше, 13 наурыз күні 1995 жылы туған қала тұрғыны рюкзак пен ноутбукты алып, белгісіз бағытқа қарай шығып, содан қайтып оралмаған.

Жоғалған жігіттің Есімі – Азамат.

«Оны іздеуге анасы берді. Азамат жоғалып кетерден бір апта бұрын әлеуметтік желісін өшіріп тастады, бірақ кетер алдында ол бәрімен қоштасып, кешірім сұрап, бұдан былай өмір сүргісі келмейтінін айтып хат қалдырды. Сондай-ақ, ер адам өзін іздемеуді сұрады. Содан бері оны ешкім көрген жоқ», – делінген хабарламада.

Күн сайын полиция қызметкерлері, туғандары мен еріктілер қандай да бір ақпарат табуға тырысып жатыр.

Сипаттамасы: Бойы 170 сантиметр, дене бітімі орташа, көздері қоңыр, шашы қара түсті, көзілдірік киеді, жүргенде бүкшиіп жүреді.

Киімі: қою жасыл күрте, сұр түстес трико, ақшыл етік. Өзімен бірге сұр рюкзак пен ноутбук бар.

Азаматты көрген-білгендер болса мына нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз: WhatsApp +7(747)-615-55-63 Катерина.