Павлодарда жылыту маусымы басталды

0
1 196

Әкімдіктегілер бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етіледі.


Павлодарда жылыту маусымы басталды

ERNUR.KZ. Павлодарда жылу беру маусымы басталды, деп жазады sputnik.kz.

Павлодарда 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымы қала әкімдігінің қаулысына сәйкес кеше, 18 қыркүйекте басталды.
"Әлеуметтік нысандар мен мемлекеттік мекемелер жылу жүйесіне бірінші кезекте қосылады. Бүгінде барлық әлеуметтік нысан жылу алуға дайын", - деп жазылған жылумен қамту ұйымының хабарламасында.
Компаниядағылар көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру қосылатын күнді қосымша хабарлауға уәде берді.
Айта кетейік, қазір Павлодарда ауа райы әлі де жылы, термометр 20 градусты көрсетіп тұр. "Қазгидромет" келесі аптада күндізгі температура 13 градусқа дейін төмендейді деп болжады.