Павлодарлық мұнайхимия зауыты жауапқа тартылды

0
1 061

Мұнай-химия зауыты құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен жұмыс істеу кезінде нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамағаны анықталды.


Павлодарлық мұнайхимия зауыты жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. "Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті тексеру жүргізді. Мұнай-химия зауыты иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен және құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу кезінде атом энергиясын пайдалану саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамағаны анықталды.

"Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 297 - бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді", - делінген Энергетика министрлігінің ресми хабарламасында.