Петропавлда жақындары өрттен қаза тапқан ер адамға кісі өлтірді деген айып тағылды

0
860

Петропавлда жақындарынан айырылған ер адамға қатысты сот отырысы өтті.


Петропавлда жақындары өрттен қаза тапқан ер адамға кісі өлтірді деген айып тағылды

ERNUR.KZ. Петропавлда қыз бен кішкентай балалар өртенген іске қатысты тергеу аяқталды. Әкесі мен ағасы оларды өлтірді деген күдікке ілінді, деп жазады stan.kz.

Петропавлда жақындарынан айырылған ер адамға қатысты сот отырысы өтті. Бастапқыда бұл іс абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша тіркелген. Кейіннен "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабымен қайта сараланды. Қылмыс жасады деген күдікпен өртенген үйдің 25 жастағы иесі ұсталды.

Петропавлда 25 қыркүйекте адам өліміне әкелген өрт болды. Өртті сөндіру кезінде дәлізден 20 жастағы қыздың, 2022 жылы туған қыз бен 2018 жылы туған ұл баланың күйген мәйіттері табылды. Ер адам ғана қашып үлгерген.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың айтуынша, ер адам туыстарын шығару үшін терезені ашып, сыртқа шықпақ болған. Ол әйел мен балаларға орнында тұруды бұйырады. Қайғылы оқиғадан бір айдан кейін ол қамауға алынды. Күдіктіге екі немесе одан да көп адамды өлтіруден басқа, кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген айып тағылды.

Істің мән-жайы сотта белгілі болады. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдулдинов "негізді күдіктінің ұсталғанын" ғана айтты.

"Қылмыстық іс аяқталды. Күдікті қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Содан кейін олар сотқа жіберіледі", – деді Қабдулинов.

Өрт болған үйде екі отбасы тұрған. Күдікті бірге тұратын әйел мен жарты айлық қызы және анасы 5 жасар ұлымен. Анасы өрт шыққан кезде жұмыста болған.