Президент Астанада тағы бір көпсалалы аурухана салуды тапсырды

0
393

Бұл туралы Мемлекет басшысы 11 шілдеде елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында айтты.


Президент Астанада тағы бір көпсалалы аурухана салуды тапсырды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Астанада тағы бір көпсалалы аурухана салуды тапсырды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы 11 шілдеде елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында айтты. Президент елордада өмір сүру сапасы тұрақты жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

"Астананың барлық тұрғыны қаланың инфрақұрылымына: білім беру және денсаулық сақтау нысандарына, мәдениет және спорт нысандарына, сондай-ақ саябақтар мен қоғамдық орындарға бірдей қолжетімділікпен қамтамасыз етілуі керек. Бұл барлық азаматтардың өмір сүруі үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасаудың негізгі шарты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, Астанада халық санының бақылаусыз өсуі заманауи емханалардың, сапалы және қолжетімді қызметтері бар мамандандырылған медициналық мекемелердің өткір тапшылығына алып келеді.

"Білікті медициналық кадрлардың тапшылығы айтарлықтай байқалады. Көбінесе адамдар емханалардағы кезектер мен жеке емханалардағы қызмет құнының қымбаттығынан соңғы минутқа дейін медициналық көмекке жүгінбейді. Осының барлығы азаматтардың денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр. Жағдайды түзеу үшін елордада үшінші көпсалалы аурухана салу туралы ұсынысты қолдау маңызды деп санаймын", - деді Мемлекет басшысы.