Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды

0
2 762


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді, сондай-ақ «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады. Бұдан бөлек, Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.