Президент: Қазақ тіліне реформа керек

0
784

Ол бұл арада қазақ тілін реформалау жайы қозғалып жатқанын, сондықтан мұндай маңызды мәселеде жеңіл-желпілікке жол берілмеу керектігін баса айтты.


Президент: Қазақ тіліне реформа керек

ERNUR.KZ. Алдында ұсынылған нұсқалар шикі болғандықтан латын әліпбиін енгізудің барлық аспектілерін одан әрі талдау қажет, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында, деп жазады zakon.kz.

"Жаңа әліпбиді енгізудің барлық қырларын талдау қажет. Ұсынылған үш нұсқа шикі болды. Бұл мәселеге ғылыми көзқарас қажет. Бұл жай кирилл алфавитін латын әліпбиіне көшіре салу деген емес. Бізге қазақ тілін реформалау қажет, егер қаласаңыз, тілімізді жаңғырту керек. Біз белді ғалымдардан пікір күтеміз", - деді Тоқаев.

Ол бұл арада қазақ тілін реформалау жайы қозғалып жатқанын, сондықтан мұндай маңызды мәселеде жеңіл-желпілікке жол берілмеу керектігін баса айтты.

"Қазақ тілін реформалап жатқандығымды тағы қайталап айтамын. Ұлт тағдыры үшін мұндай шешуші мәселеде атүстілікке, тисе терекке, тимесе бұтаққа деген секілді үстірттікке мүлде жол берілмейді", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.