Путин Ресей Қазақстанды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етуге ниетті екенін айтты

0
250

Ресей-Қазақстанға бидай сияқты тауарлық өнімдердің негізгі жеткізушісі.


Путин Ресей Қазақстанды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етуге ниетті екенін айтты

ERNUR.KZ. Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанды азық-түлік өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ете алатынын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Путин екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласындағы өзара сауда және инвестициялық алмасулар артып келе жатқанын айтты.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы менімен келіседі деп ойлаймын. Аграрлық сектордағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту Ресейдің де, Қазақстанның да экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі», – деді ол.

Путин Ресей Қазақстанға бидай сияқты тауарлық өнімдердің негізгі жеткізушісі екенін айтады. Оның дерегінше, құс еті – 80-90%, қант – 70% дейін, ашытылған сүт өнімдері – 60-70% Қазақстанға экспортталып отыр.

«Жалпы, 2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің екіжақты тауар айналымы 22 пайызға артып, төрт миллиард долларға жетті, ал биылғы жылдың алғашқы жеті айында тағы үш пайызға өсті. Ал біздің еліміз Қазақстан нарығын үздіксіз қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр», – деді Ресей президенті.

Сондай-ақ ол Ресей Қазақстанның сұранысына байланысты жеткізуге дайын екенін айтты.