Qazaq Air Астанадан ұшатын рейстердің тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті

0
1 169

Кешіккен рейстердің жолаушыларына тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады.


ERNUR.KZ. Qazaq Air Астанада жел мен боранның күшеюіне байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтауы мүмкін екенін ескертті, деп жазады sputnik.kz.

"Авиарейстер бойынша ақпарат жолаушыларға SMS-хабарламалар түрінде және авиабилетті сатып алу кезінде көрсетілген деректемелер бойынша электронды пошта арқылы жіберіледі", - делінген хабарламада.

Компанияның айтуынша, кешіккен рейстердің жолаушыларына тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады.

Авиакомпания үшін басты басымдық жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі, деп толықтырды Qazaq Air.
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты ТЖ департаменті елорда тұрғындарына барынша қауіпсіздікті сақтауға шақырды. Астанада қатты боран соғып, қар жауады, желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетеді.
"Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпай, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты назарда ұстауға кеңес береді", - делінген хабарламада.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 29-31 желтоқсан аралығында Астанада қалың қар жауып, жел мен боран күшейеді.