Qazaq Air әуе компаниясын тағы да ешкім сатып алмады

0
431

2023 жылы 9 қаңтарда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ өзіне тиесілі Qazaq Air әуекомпаниясының 49-дан 100 пайызға дейінгі акцияларын ашық екі кезеңдік конкурс бойынша сатылымға шығарды.


Qazaq Air әуе компаниясын тағы да ешкім сатып алмады

ERNUR.KZ. 2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурс өткізілмеді, деп жазады baq.kz.

Осыған орай «Самұрық-Қазына» АҚ конкурс шарттарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты 2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурстың өткізілмеген хабарлады.

«Самұрық-Қазына» АҚ «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС тәуелсіз консультант көмегімен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 181 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың акцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларының нормаларына сәйкес «QAZAQ AIR» АҚ-ын бәсекелестік ортаға беру мәселесін пысықтау бойынша одан әрі шаралар қабылдайтын болады, - делінген хабарламада.