Руслан Дәленов жаңа лауазымға тағайындалды

0
2 595

Руслан Дәленов әр жылдары қазақстанның Қаржы вице-министрі, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметтерін атқарған.


Руслан Дәленов жаңа лауазымға тағайындалды

ERNUR.KZ. Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Stan.kz.

8 ақпаннан бастап ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды банктің сайты.

Руслан Дәленов әр жылдары қазақстанның Қаржы вице-министрі, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметтерін атқарған. 2019 жылдан 2021 жылдың қаңтарына дейін Қазақстанның Ұлттық экономика министрі болды.

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) қатысушы мемлекеттердің (Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан) экономикалық өсуіне, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолымен еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестерді дамытуға жәрдемдесуге арналған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады.

Еске салсақ, Әсет Ирғалиев 2021 жылғы 18 қаңтарда ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ол - 34 жастағы ең жас қазақстандық министр.