Сарымсақ суының SARS-CoV-2 вирусына қарсы иммунитет қалыптастыратыны рас па?

0
2 566

Сарымсақтың пайдасы туралы теорияны ДДСҰ жоққа шығарған.


Сарымсақ суының SARS-CoV-2 вирусына қарсы иммунитет қалыптастыратыны рас па?

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар мессенджерде коронавирустан қорғану туралы кеңесімен бөлісіп, бір-біріне бір ай бойы сарымсақ суын ішуді ұсынып жатыр. Желі қолданушыларының айтуынша, бұл вирусқа қарсы табиғи иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді екен. Алайда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ақпаратты жоққа шығарған, деп жазады StopFake.

Сарымсақ коронавирусты емдеу үшін пайдалы деген теорияның авторы – ташкенттік дәрігер Шухрат Халилов. Оның айтуынша, Sars-CoV-2 вирусы ағзаға еніп, иммундық жүйені зақымдайды және тамақпен араласып, пейер бляшкаларына – аш ішектің шырышасты қабатындағы солитарлы лимфа фолликулаларының жиналуына әсер етеді.



«Шын мәнінде, SARS-CoV-2 вирусы ас қорыту жүйесіне мүлдем енбейді. Коронавирус тыныс алу жүйесі мен өкпені зақымдайды. Иммундық жүйеге де әсер етпейді. Керісінше, науқастардың бойындағы асқынулар көбіне ағзаның ауру қоздырғышына тым күшті жауап беруіне байланысты болады», - делінген ақпараттың анық-қанығын тексеретін порталда.

Сарымсақтың пайдасы туралы теорияны ДДСҰ жоққа шығарған.

«Сарымсақ – белгілі бір микробқа қарсы қасиеттерге ие денсаулыққа пайдалы өнім. Дегенмен, қазіргі індет кезінде жаңа коронавирусты жұқтырудың алдын алу құралы ретінде сарымсақты қолданудың тиімділігі туралы ешқандай дәлел табылған жоқ», – делінген ұйымның ресми сайтында.