Семейдегі «Ақ шың» сауда орталығындағы өрттің ықтимал үш себебі аталды

0
250


Семейдегі «Ақ шың» сауда орталығындағы өрттің ықтимал үш себебі аталды

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт себебін арнайы комиссия зерттеп жатыр, деп жазады ERNUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт аумағы 6900 шаршы метрді құраған.

– Өрттің себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі, облыстық прокуратура, полициямен бірге құрылған комиссия жүргізіліп жатыр, – дейді ТЖМ.

Өрттің ықтимал үш себебі бар: электр сымдарының тұйықталуы, әдейі өртеу, сауда орталығында резетка сымдарының сөндірілмей қалуы.

Еске сала кетейік, Ақ шың сауда орталығы 6 ақпан күні түнгі үштен бастап өртеніп, өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға біршама уақыт жұмсаған еді.