Семейдегі цемент зауытында өрт шықты

0
593

Өрт 9 қаңтарда сағат 12:30 шамасында болған.


Семейдегі цемент зауытында өрт шықты

ERNUR.KZ. Семейдегі цемент зауытында транспортер таспасы жанды, деп жазады sputnik.kz.

Өрт 9 қаңтарда сағат 12:30 шамасында болған.
"Барлау барысында әктас беру галереясында транспортер таспасы жанғаны анықталды. Өрт 390 шаршы метр аумақта оқшауланды", - дейді ведомство.
ТЖД мамандары өртенген жерден 50 литрлік 9 газ баллонын шығарған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 47 адамы, 13 бірлік техника жұмылдырылды.