​Серік Қонақбаевқа AIBA президенттігіне үміткер болуға рұқсат берілді

0
1 257

Ұйым өкілдері Қонақбаевты үміткерлер тізімінен алып тастаған.


​Серік Қонақбаевқа AIBA президенттігіне үміткер болуға рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Спорттық төрелік сот (CAS) Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының вице-президенті Серік Қонақбаевтың апелляциясын қанағаттандырып, ұйым басшысы болуға сайлауға қатысуына рұқсат берді, деп жазады tengrinews.kz.

Ұйым өкілдері Қонақбаевты үміткерлер тізімінен алып тастаған. Осы орайда Қонақбаев Спорттық төрелік сотқа шағым түсірген, CAS өкілдері қазақстандықтың апелляциясы тіркелгенін мәлімдеді. Қонақбаев 2-3 қарашада Мәскеуде ұйымның конгрессінде болатын сайлауға қатысуға бел буған.

Апелляцияны қарап шыққан CAS заңгерлері AIBA сайлау комитеті Қонақбаевтың кандидатурасын заңсыз түрде алып тастағанын анықтаған.

Осы шешімге дейін Гафур Рахимов AIBA президенттігіне жалғыз үміткер еді.