Шағын кредит алушыларға қойылатын талаптар өзгереді

0
416

​Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «электронды тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық банк басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қаулы жобасын дайындаған.


Шағын кредит алушыларға қойылатын талаптар өзгереді

ERNUR.KZ. Жоба онлайн-қарыз беру үшін клиенттерді сәйкестендіру (аутентификация) тәсілін күрделендіруді көздейді, деп жазады inbusiness.kz.

Ереженің 7-тармағы 3-тармақшасында: 3) екі факторлы сәйкестендіру (аутентификация) жүргізіледі. Клиенттің екі факторлы сәйкестендіруі төмендегі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:

  • Білу факторын растау: клиент тіркелу кезінде берілген құпия сөзді (пароль) немесе код сөзін енгізуі;
  • Меншік факторын растау: клиенттің бір рет пайдаланылатын құпия сөзін енгізуі, клиенттің атына тіркелген токенмен автоматты түрде байланыстыру немесе смарт-картаны оқу құрылғысына қосу, сондай-ақ клиент көрсеткен байланыс құрылғысының абоненттік нөміріне берілген бір пайдаланылатын құпия сөзді енгізу, клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірін ұялы байланыс операторының дерекқорындағы абоненттік нөмір иесінің жеке сәйкестендіру нөмірімен салыстыру арқылы осы абоненттік нөмірдің клиентке тиесілілігін тексеру;
  • Бөлінбеушілік факторы растау: клиентті оның жеке басын куәландыратын құжаттағы бейнесімен салыстыру;
  • Сонымен қатар жоба авторлары ережеге алаяқтар басқа адамның атына алған онлайн-қарызды есептен шығару талабын қосқысы келеді.
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабына сәйкес құқық қорғау органдары ұсынған қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы енгізілген ұсыным негізінде микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым: клиенттің микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды; мұндай микрокредит бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұрады;
  • клиенттің кредит тарихына түзетулер енгізеді;
  • клиент бойынша талап-арыз жұмысын тоқтатады;
  • үшінші адамдарға микрокредитті алаяқтық тәсілмен рәсімдеген адамдарды анықтау үшін құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жүргізеді.

«Жоба басқа адамға микрокредиттерді рәсімдеуге байланысты тәуекелдерді жою және микроқаржы ұйымдарының клиенттерін сәйкестендіру рәсімдерін күшейту үшін әзірленді», - деп жазылған құжатта.

Қоғамдық талқылау 17 қыркүйекке дейін жалғасады.