Шенеунік пара ретінде 180 мың теңге тұратын қысқы дөңгелек алды

0
1 104

Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы директорының орынбасары пара алды деп күдіктелуде.


Шенеунік пара ретінде 180 мың теңге тұратын қысқы дөңгелек алды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған облыстың "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы директорының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады zakon.kz.

Ол мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетуге жағдай жасағаны үшін заңды тұлғаның өкілінен "Range Rover" автокөлігінің 180 мың теңге тұратын қысқы шиналар жиынтығы түрінде пара алды деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.