Шетелдік әскери оқу орындарына түсетін қызметкерлерді іріктеу ережесі өзгеруі мүмкін

0
530

Бұл ережелерді қабылдау әскери білім беру жөніндегі нормативтік құжаттардың базасын сәйкес келтіруге септігін тигізеді.


Шетелдік әскери оқу орындарына түсетін қызметкерлерді іріктеу ережесі өзгеруі мүмкін

ERNUR.KZ. «Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар әзірленді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Аталған ереже «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы ҚР Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес әзірленді.

«Түзетулер Қарулы күштердің әскери қызметшілерін шетелдік білім беру ұйымдарында оқытуға іріктеу тәртібінің өзгеруіне байланысты енгізіледі», - делінген хабарламада.

Бұл ережелерді қабылдау әскери білім беру жөніндегі нормативтік құжаттардың базасын сәйкес келтіруге септігін тигізеді.