ШҚО-да өзен суының 1 литрі 1000 теңгеден сатылып жатыр

0
2 286

Әлеуметтік желілерде Хамир өзенінен алынған "Крещение суының" 1 литрі 1000 теңгеден, зейнеткерлерге 800 теңге сатылады және жеткізу тегін" деген мазмұндағы хабарлама жүр.


ШҚО-да өзен суының 1 литрі 1000 теңгеден сатылып жатыр

ERNUR.KZ. Өскеменде өзен cуының 1 литрі 1000 теңгеден сатылып жатыр, деп жазады altaynews.kz.

Әлеуметтік желілерде Хамир өзенінен алынған "Крещение суының" 1 литрі 1000 теңгеден, зейнеткерлерге 800 теңге сатылады және жеткізу тегін" деген мазмұндағы хабарлама жүр.

"Әдеттегі әзіл-қалжың емес екендігіне көз жеткізу үшін хабарландыру авторымен байланысқа шықтық. Есімі Николай екен.

"Сұраныс болмаса, ұсыныс та болмайды. Бүгін екі тапсырыс болды. Өткен жылғы бұл мерекеде де осы Хамир өзенінен су тасып жүрдім. Сол кезде де тұрғындар хабарласып, "қасиетті суды" ақшаға сатуымды сұрап жатты. Енді әркімнің өзенге баруға мүмкіндігі бола бермейді ғой", - дейді Николай.

Ал Данииловский шіркеуінің аға попы Михаил Арабов шіркеуде "қасиетті судың" тегін таратылып жатқанын айтады" деп жазады
altaynews.kz.