ШҚО-да сұйытылған газ бағасы 6 теңгеге көтерілді

0
756

ШҚО-да баға – 1 литр үшін 70-75 теңге. 1 шілдеден бастап бағалар литріне 6 теңгеге – 76 теңге болып, ал шалғай аудандар үшін 81 теңгеге дейін көтерілді.


ШҚО-да сұйытылған газ бағасы 6 теңгеге көтерілді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында сұйытылған газ бағасы 6 теңгеге көтерілді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің өңір тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығымен мемлекеттік реттеу белгіленді және сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы бекітілді.

Атап айтқанда, ШҚО-да баға – 1 литр үшін 70-75 теңге. 1 шілдеден бастап бағалар литріне 6 теңгеге – 76 теңге болып, ал шалғай аудандар үшін 81 теңгеге дейін көтерілді.

Өңірде 3 газ толтыру станциясы және 84 автогаз құю станциясы бар. Облыста сұйытылған газды тұтыну 2022 жылы 40 мың тонна болды. 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында шамамен 13 мың тонна тұтынылды.

Алмасадам Сәтқалиев министрлік ұзақмерзімді баға тұрақтылығын және бағаның алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.