​ Шүменовке қатысты сауда орталығындағы дау: Қырғызстан СІМ істі бақылауға алды

0
276

18 маусымда Астанадағы "MEGA Silk Way" сауда ойын-сауық орталығында Қырғызстан мен Қазақстан азаматы арасында жанжал туындаған.


​ Шүменовке қатысты сауда орталығындағы дау: Қырғызстан СІМ істі бақылауға алды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Астанада қырғызстандықты соққыға жығу оқиғасы бойынша істі бақылауға алды. Бұл туралы Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп жазады sputnik.kz.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, 18 маусымда Астанадағы "MEGA Silk Way" сауда ойын-сауық орталығында Қырғызстан мен Қазақстан азаматы арасында жанжал туындаған. Салдарынан қырғызстандыққа күш қолданылған.
"2023 жылы 13 шілде күні жәбірленуші К.А. Қырғыз Республикасының Қазасқтандағы елшілігіне шақырылды. Елші Д.Дюшекеевпен болған кездесу кезінде қажетті құқықтық көмек ұсынылды. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қажетті процессуалдық шараларды атқарып жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауына алынды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бокстан әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда орталығында баланы ұстап отырған ер адамды соққыға жықты. Кейіннен спортшы осы жанжалға қатысты пікір білдірді.