Шығыс Қазақстан облысында балабақшада бүлдіршін терезеден құлаған

0
461

11 шілдеде Алтай қаласының балабақшасында түскі ұйқы кезінде бала терезеден құлаған.


Шығыс Қазақстан облысында балабақшада бүлдіршін терезеден құлаған

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында баланы дұрыс қарамаған тәрбиеші жұмыстан шығарылды, деп жазады stan.kz.

11 шілдеде Алтай қаласының балабақшасында түскі ұйқы кезінде бала терезеден құлаған. Ересектердің қарауынсыз қалып, құлаған бүлдіршін жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Шығыс Қазақстан облысының білім беру бөлімі тексерістен кейін тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.

"Түскі ұйқы кезінде тәрбиеші құжаттарды басып шығару үшін сыртқа шығып кеткен. Осы кезде топта бөлмені тазалайтын тәрбиешінің көмекшісі болды. Өкінішке қарай, қызметкер баланың оянғанын және дәретханаға өздігінен барғанын естімей қалған. Нәтижесінде жазатайым оқиға болды. Өзінің еңбек міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Тәрбиешінің көмекшісіне қатаң сөгіс жарияланды", – деді Алтай ауданының білім бөлімі басшысының м. а. Ольга Рогожина.

Бала құлағаннан кейін бір апта ауруханада болды. Дәрігерлер нәрестеге іштің көгеруін анықтады. Зардап шеккен баланың ата-анасы балабақшаға ешқандай шағым жоқ екенін айтты.