Шымкент адам саудасынан көш бастады

0
2 483

Былтыр республикада адам саудасы қылмысы бойынша 43 дерек тіркелсе, соның 41-і Шымкент қаласында болған.


Шымкент адам саудасынан көш бастады

ERNUR.KZ. Былтыр республикада адам саудасы қылмысы бойынша 43 дерек тіркелсе, соның 41-і Шымкент қаласында болған. Ал кәмелетке толмағандар саудасы бойынша республикада болған 20 деректің 11-і – Шымкент қаласынан, деп жазады aikyn.kz.

Сұмдық емес пе? Сенбейін десең, бұл мәлімет Бас прокуратураның Құ­­­қық­тық статистика және арнайы есеп­ке алу жөніндегі комитетінің ресми парақ­ша­сын­да жарияланған.

Естеріңізде болса, жуырда Шымкент қа­ласының тұрғыны өзінің арнайы ин­тернатта тұратын 1-топтағы мүгедек қы­­зына мекеме қызметкерлерінің спи­раль салдырып тастағанын мәлім­деп, бейнеүндеу жариялады. Құқық қор­ғау органдары бұл жайттан хабар­дар. Алайда тергеу шараларының со­зы­лып кеткеніне наразы болған ана ерік­сіз ғаламтор арқылы қоғамдық ре­зо­нанс тудыруға мәжбүр болған. Үш ба­­­ласымен күйеуі тастап кеткен ана ДЦП және талма диагнозы қойылған үл­кен қызын 2011 жылы Шымкент қа­­­­ласындағы №2 қалалық мүгедектер ин­тер­натына тапсырған. 2011 жылы «қыз» деп көрсетілген науқас тарихында 2012 жылы «спираль салдырған» деп жа­зылыпты. Жалғызбасты ана қызын 8 жыл­дан бері зорлап келген деп ішкі істер ор­гандарына арыз жазған. Бұл туралы кейін Шымкент қаласы Полиция де­партаменті бірнеше рет жасалған зор­лау әрекеті бойынша қылмыстық іс қоз­ғал­ғанын хабарлады. Ресми өкіл қыл­мыстық кодекстің 120-бабы 2-бө­лі­гінің 4-тармағымен (бір­неше рет жа­­­салған зорлау) сотқа дейінгі тер­геп-тексеру амалдары жалғастырып жат­­қанын, тергеумен тиісті сарап­та­ма­­­лар және бірқатар тергеп-тексеру жұ­­­мысы жүргізіліп жатқанын атап өт­ті. «Сотқа дейінгі тергеу аясында ме­­­­­ке­меде жұмыс істейтін барлық ер адам мен 2010 жылдан бері жұмыс іс­те­­ген азаматтардан жауап алынуда» деп ай­тылған ресми хабарламада. Ал бү­гін­де ин­тернат Шымкент қаласы әкім­дігінің Жұ­мыспен қамту және әлеу­меттік қор­ғау басқармасының қа­рамағында бол­ғандықтан, басқарма ма­мандары жатыр қуы­сына енгізілетін іші­лік құрал қыз ба­лаларға емес, әйел аза­матшаларға ғана салынатынын айтады. Бұл туралы Ден­саулық сақтау министр­лігінің арнайы бұй­рығы да бар екен. Әлсіз топтың ша­­ра­­­сыздығын пайдаланып, айуандық жа­саудың бұ­дан өткен қатыгездік әрекеті бол­мас. Ай­тар­ға сөз жоқ.

Ал былтыр Шымкент қаласындағы көп­­қабатты үйлердің кіреберісінде бел­гісіз ер адамның зейнеткерді зорламақ бол­ғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны туралы ақпарат көпшіліктің жа­ғасын ұстатқан. Иә, осылайша іздей берсеңіз, шыға береді.

Айтпағымыз, адамдар неге қаты­гез­де­ніп кетті? Ресми деректерге сүйенсек, соң­ғы жылдары бұзақылық, ұрлық, то­нау, қарақшылық, қорқытып алу сын­ды қылмыстардан гөрі ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны бірнеше есе көбейген. Әрине, қылмыстың қай-қай­сы­­сы болса да жақсы емес. Дегенмен жан­­түршігерлік ауыр қылмыстардың шек­­тен тыс көбеюіне не себеп екен деген ой мазалайды.

Өткен жылы елімізде жарияланған тө­­тенше жағдайға байланысты тұр­ғын­дардың үйден шықпауы да әсер ет­­се керек, қылмыстық жағдай күрт тө­­­мен­деген еді. Обалы не керек, жыл бойы жал­ғ­асып келе жатқан карантиндік шек­теу­лерге байланысты өткен 2020 мен 2019 жыл­да болған қылмыстық оқиғалардың ара­­­сында едәуір айырмашылық бар. Көп­­теген қылмыс көрсеткішінің төмен­де­­генін байқаймыз. Мысалы, Шымкент қа­­ласында ұрлық алдыңғы 2019 жылы 7 891 дерекпен тіркелсе, оның саны был­­тыр 4 192-ге тұрақтаған. Оның ішін­де ұя­­лы телефон ұрлығы 2 927-ден 1 565-ке, пәтер ұрлығы 1 828-ден 764-ке, мал ұрлығы 90-нан 61-ге және тонау 345-тен 178-ге, бұзақылық 412-ден 290-ға төмендеген. Демек, бұзақылық әре­­­­кеттер мен ұрлыққа былтыр тұсау са­­лынған жыл болған екен. Алайда осы қылмыстардың ашылуы 71-ден 31 пайызға азайған. Ішкі істер қыз­мет­­керлерінің мұндай қылмыстарды ашу­­ға мүмкіндігі болмаған да шығар, кім білсін? Есесіне былтыр күрт өскен қа­­тыгездік әрекеттегі қылмыстардың қа­­сын­­да ұрлық-қарлық баланың ойы­­нындай көрінген шығар?!

Бас прокуратураның құқықтық ста­тистика және арнайы есепке алу жө­ніндегі комитетінің мәліметтеріне сүйен­сек, жоғарыда атап өткеніміздей, Шым­кент қаласы адам саудасынан көш бас­тап тұр. Одан соң аса ауыр қылмыс 55-тен 67-ге, ауыр қылмыс 1 618-ден 3 632-ге бірден өскен. Ал қылмыстың ашылуы 52 пайызды ғана құрап отыр. Бай­қап отырғандай, шымкенттік поли­цей­лердің қылмысты ашу деңгейі көңіл көншітпей тұр. Сонымен қатар отба­сы­на және кәмелетке толмағандарға қар­сы қыл­мыс 7-ден 18-ге көбейген. Эко­но­микалық қызмет саласындағы қыл­мыс­тық құқықбұзушылық 102-ден 208-ге, жемқорлық 43-тен 78-ге, есірткімен бай­ланысты қылмыстар 229-дан 309-ға, экстремизм және терроризмге қарсы қыл­мыстық құқықбұзушылық 6-дан 25-ке, терроризмді насихаттау немесе тер­роризмдік акт жасауға жария түрде ша­қыру 1-ден 7-ге ұлғайған.

Деректерге қарағанда, 2019 жыл мен 2020 жылдағы қылмыстық ахуалда едәуір айыр­машылық бар. Айтса айтқандай-ақ, көбейгендердің дені – ауыр қылмыстар. Қа­лай болғанда да, қоғамды азғындық жай­лап барады. Азғындық деректерді бір жылдың ішінде 2-3 есеге көбейтіп алдық. Дәл бұлай жалғаса берсе, соңы не болары беймәлім. Ал оны ауыздықтайтын тәртіп сақшылары дәрменсіз…