Солтүстік Қазақстанда белгісіз жыртқыш бір отар қойды қырып тастады

0
778

Мал өлексесін бақташы таң ата тауып алған.


Солтүстік Қазақстанда белгісіз жыртқыш бір отар қойды қырып тастады

ERNUR.KZ. СҚО-дағы Айыртау ауданында мал шаруашылығы кешендерінің бірінде 50-ге жуық қой қырылып қалды. Анықталғандай малға сілесусін шабуылдаған, деп жазады stan.kz.

Мал өлексесін бақташы таң ата тауып алған. Оқиға орнына полиция шақырылды. Тексеру кезінде малдарда тіс іздері бар екені анықталды. Малдың көмейі зақымдалған. Бір өлексені жеп қойған.

1 миллион теңгеге жуық материалдық шығын шыққан. Полиция иттердің шабуылдамағанын анықтады. Қойға сілеусін шабуыл жасаған. Қоршаудан 500 метр жерде қардан жабайы жануардың табан іздерін тапты.

Алайда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы полицияның қорытындысын жоққа шығарды. Мамандардың айтуынша, өңірдің жабайы табиғатында орманда жыртқыштарға жем жеткілікті. Олар үй жануарларына шабуыл жасамайды екен. Мамандар мұны сілеусіннің әрекеті емес екенін және бұл иттің шабуылына көбірек ұқсайтынын баса айтты.

“Санақ жұмыстарының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аумағында сілеусін бар. Оның саны өте көп емес, 40-тан астам. Шабуылдың соңғы есебіне қарағанда, оның мүлде сілеусінге ұқсас емес ықтималдығы жоғары. Сілеусін азығын бұлай ауламайды", - деді СҚО бойынша аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов.