Солтүстік Қазақстандағы балықтардың жаппай неден қырылғаны белгілі болды

0
759

Қазір осы іске қатысты барлық материалдар облыстық табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілді.


Солтүстік Қазақстандағы балықтардың жаппай неден қырылғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Орман шаруашылығы инспекциясы мамандары мен экологтар зертханалық сараптама тағайындап, арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізді. Комиссияның қорытындысы бойынша су мен балықтан алынған сынамада пестицид пен тұздың мөлшері 3 есеге артық болып шықты, деп жазады Zakon.kz.

"Салдарынан осындай келеңсіз жәйт тіркелді" дейді жауаптылар. Бүгінгі күні аталған іс құқық қорғау органдарына жіберілді. Ал қоршаған ортаға келтірілген шығын 200 мың теңге шамасында.
Тамыз айының 20-сы күні өңірдегі Толыбай көлінде жалпы салмағы 185 келі мөңке балығының өлекселері табылып, ол арнайы орында өртелген болатын.
- Ветеринарлық зертханада жүргізілген сараптама мен экологтардың қорытындысы шықты. Тексеріс барысында пестицид пен тұздың құрамы үш есеге дейін артқандығы белгілі болды. Қазір осы іске қатысты барлық материалдар облыстық табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілді. Енді суға бұл зиянды заттардың қалай түскенідігін солар анықтайтын болады, - дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясы бөлімінің бас маманы Елдар Кәкібаев.