Студенттер енді автоматты түрде әскерден босатылады - Мусин

0
709

Үш министрліктің базасы интеграцияланған.


Студенттер енді автоматты түрде әскерден босатылады - Мусин

ERNUR.KZ. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин қандай қызметтер автоматтандырылғанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жылда 106 мың студент оқу орнынан, емханадан анықтама алып, военкоматқа тапсыруға 2 апта жұмсайтын.
Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базаларын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады»,- деді Мусин.

Сондай-ақ ол цифрлық сервистердің түрлері жайлы айтты.

«Олар былтыр енгізілсе де халықтың үлкен сұранысына ие болып кетті. Әділет министрлігімен сенімхаттардың (доверенность) 5 пайызын цифрлық форматқа көшірдік. Бұл жұмыс жалғасуда. Автокөлікті тіркеудің 55%-ы онлайн форматта жасалады. Бұл Ішкі істер министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ортақ жұмысы. Ипотеканың 67 пайызы банктерде онлайн тіркеледі. «Электрондық үкімет» әр азаматты туған күнімен құттықтауды немесе құжаттардың мерзімі аяқталып қалғаны туралы алдын-ала хабарлауды үйренді», - деді Бағдат Мусин.