Талдықорғанда 3 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

0
444

3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қаза болды.


Талдықорғанда 3 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

ERNUR.KZ. Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Дерек 3 мамырда Көктал шағын ауданында болған.

"Онда 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қаза болды. Жүк көлігін 43 жастағы ер адам тізгіндеген. ЖКО-ның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Соталды тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.

Көлік арнайы тұраққа қойылған.