Талғарда оқушыны қорлаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
297

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның Талғар қаласында орналасқан «Космо» мектебінде болғанын хабарлады.


Талғарда оқушыны қорлаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар қаласындағы мектептердің бірінде балаға дөрекі мінез көрсеткен мұғалімнің видеосы тарады, деп жазады Kazinform.

Видеоға сенсек, Талғар қаласында балалардың ата-аналары жеке мектептің үстінен шағымданған. Олар оқу орнында балаларға физикалық және эмоционалды зорлық-зомбылық көрсетілетінін мәлімдеді.

«Балалар зорлық-зомбылық жағдайлары, оның ішінде шаштан тартып, итеріп, педагогтердің дауыс көтеретінін айтты» делінеді постта.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның Талғар қаласында орналасқан «Космо» мектебінде болғанын хабарлады.

Мектептің білім беруге ешқандай лицензиясы жоқ екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта мектепте 81 бала оқиды, 24 мұғалім жұмыс істейді.

Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Талғар полициясы ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғаған.

«Алматы облысы полиция департаменті бастығының жеке нұсқауымен оқиғаның мән-жайын толық анықтау, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар жүріп жатыр. Өзге ақпарат қосымша хабарланады» деп хабарлады полиция.