Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузияда ұсталды

0
284

Қәзіргі уақытта ол елге жеткізіліп, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.


Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузияда ұсталды

ERNUR.KZ. Бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталып, елге экстрадицияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Грузияның Әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.
Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға жеткізді», - делінген хабарламада.

Қәзіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.