Telegram мессенджері арқылы есірткі сатқан 22 жастағы қарағандылық сотталды

0
613

Тергеу барысында есірткіні кімдер жеткізіп отырғанын анықтау мүмкін болмаған.


Telegram мессенджері арқылы есірткі сатқан 22 жастағы қарағандылық сотталды

ERNUR.KZ. 30 қыркүйекте Қарағанды қаласында ірі көлемде есірткі сақтау және сату бабы бойынша 22 жастағы жергілікті тұрғын алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Abai.kz.

Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы мыңға жуық жәбірленуші есепшотына 50 мың теңгеден және 128 доллардан төлеп беруге міндеттелді.

Тергеу мәліметіне қарағанда, сотталушы гашиш сататынын Telegram мессенджері арқылы жариялап, ақшаны мобилдік тіркеме арқылы алып тұрған. Бірақ тергеу барысында есірткіні кімдер жеткізіп отырғанын анықтау мүмкін болмаған.

Сотта айыпталушы есірткі сатпағанын, тек гашиш сақтағанын ғана мойындаған.

Алғашқы тергеу кезінде айыпталушы бәрін мойына алған. Бірақ кейін сотта ол құқық қорғау органдары тарабынан қысым болғанын алдыға тартып, берген куәліктерінен үзілді-кесілді бас тартқан.