Теннистен «Президент кубогы» мәресіне жетті

0
977

Ойын екі сетке жалғасып, алғашқы партияда тайбрек ойнатылды.


Теннистен «Президент кубогы» мәресіне жетті

ERNUR.KZ. Астанада теннистен бір жеті өткен "Президент кубогы" аяқталды деп хабарлайды, ERNUR.KZ тілшісі.

Астана қаласында өткен жарыста ерлер арасында финалда германиялық Даниэль Брандс пен австриялық Себастян Офнер кездесті. Ойын екі сетке жалғасып, алғашқы партияда тайбрек ойнатылды. Мұнда Офнердің жолы болды.

Екінші сетте Брандс таразы басын теңестіруге тырысқан болатын. Бірақ, Офнер қарсыласының доп ұзату гэймін жеңіп алып, 6:3 есебімен басым түсті. Осылайша Себастян Офнер "Президент кубогының" жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар, қыздар арасында бас жүлде үшін өзбекстандық Сабина Шарипова мен грузиялық Екатерина Горгодзе кортқа шықты. Ойында Горгодзе 6:4, 6:1 есептерімен жеңіске жетті.