Тина Канделаки мен Қазақстан арасындағы дауға Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова үн қосты

0
302

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тина Канделакидің Қазақстанның тіл саясатына байланысты мәлімдемесінен кейін елге кіргізілмейтінін айтқан.


Тина Канделаки мен Қазақстан арасындағы дауға Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова үн қосты

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова отандасы Тина Канделакидің мәлімдемесінен кейін туындаған тіл дауына пікір білдірді, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тина Канделакидің Қазақстанның тіл саясатына байланысты мәлімдемесінен кейін елге кіргізілмейтінін айтқан.

Бұған Тина Канделаки жауап қатып, Айбекті Мәскеуге шақырды.

«Менің отанымның жүрегі Мәскеуден бастаған жөн шығар. Ондағы Чистопрудный бульварында Абай Құнанбаевтың ескерткіші тұр. Сізге де, басқа барша қазақтар сияқты ол жай Абай ретінде ғана белгілі. Ал бізге ол бізге орыс тілі мен әдебиетін әлем жауһарының кілті деп атаған адам ретінде танымал», - деп жазады журналист.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да бұл дауға үн қосты.

«Тинаны да, Айбекті де жақсы білемін. Ондай кездесу болса, өте қызық, өзара сыйластыққа толы пікірталас болатынына сенімдімін. Ал жалпы бәрімізге мазмұны бай ортақ тарихымыздың үздік тұстарын сақтау бағытында жұмыс істеу керек. Бұл істі әдеппен, сәйкесінше атқару керек», - дейді Мария Захарова.