Тоқаев билет тапшылығын қолдан жасауды тоқтатуды тапсырды

0
1 000

Жаз мезгілінде кассаларда пойыз билеттерінің болмауына жиі орын алады.


Тоқаев билет тапшылығын қолдан жасауды тоқтатуды тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр", - деп жазды Мемлекет басшысы.