Тоқаев пен Путин Қостанайда өтетін форумға онлайн қатысады

0
587

Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды.


Тоқаев пен Путин Қостанайда өтетін форумға онлайн қатысады

ERNUR.KZ. Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Форумға бейнеконференцбайланыс режимінде екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысады.

Өңіраралық алаңда бизнес, салалық мемлекеттік орган, ведомстволар, ғылыми топ өкілдері, екі ел өңірлерінің басшылары жиналады.

«Форум Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысынан басталып, қатысушылар шекаралас өңірлердің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын жасау, АӨК-дегі көлік инфрақұрылымын дамыту мен ауыл шаруашылығы жобаларын техникалық сүйемелдеу мәселелерін талқылайды», - деп атап өтті форум ұйымдастырушылары.

Іскерлік кеңестен басқа мынадай үш панельдік сессия өткізу жоспарланған: «Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар», «Жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа үрдістер».

Форум қорытындысы бойынша өңіраралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылмақ.

«Ресей Федерациясы – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты сауда көлемі $27 млрд (экспорт – $9,1 млрд, импорт – $17,9 млрд) құрады, бұл - Қазақстанның жалпы тауар айналымының 20%-ы (19,9%)», - едлінегн хабарламада.

Биылғы қаңтар-тамыз айларында сауда көлемі $17 млрд болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,1% жоғары.