Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

0
662

Отырыс барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасаған, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет бергені айтылады.


Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының отырысын өткізді деп жазады Stan.kz

"Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды", - делінген сәрсенбі күні тараған ақпаратта.

Отырыс барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасаған, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет бергені айтылады.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өткен.

"Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды", - деп қосты Ақорда.