ТОҚАЕВ: Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді

0
406

Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді.


ТОҚАЕВ: Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс», - деді Президент.


Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Тиісінше, жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді екен.


«Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар. Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану. Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз», - деді Қ.Тоқаев.