Түркия қазақстандықтарды өз ұшағымен елге қайтарудан бас тартты - СІМ

0
765

Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағымен Түркияның 160-тан астам азаматы өз елдеріне оралған.


Түркия қазақстандықтарды өз ұшағымен елге қайтарудан бас тартты - СІМ

ERNUR.KZ. Түркия қазақстандықтарды өз ұшағымен елге қайтарудан бас тартты. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі А. Смадияров Telegram-да мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"24 сәуірде Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз елдеріне оралды.

Біздің Анкарадағы елшілігіміз қазақстандықтарды Түркиядан осы ұшақпен қайтып әкелу мәселесін алдын ала түрік тарапымен пысықтаған болатын.

Алайда, түрік тарапы отандастарымызды аталған ұшаққа отырғызудан бас тартты", - делінген хабарламада.

Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігі шет елдегі біздің азаматтарымыздың отанға оралуына көмек көрсетуін жалғастыратынын айтты.