Туысының үйінде тұрған: Ақтауда 16 жастағы қыз 13-қабаттан құлап көз жұмды

0
478

Әзірге қыздың биіктен өзі секіргені немесе біреудің итеріп жібергені белгісіз.


Туысының үйінде тұрған: Ақтауда 16 жастағы қыз 13-қабаттан құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды, деп жазады stan.kz.

Әзірге қыздың биіктен өзі секіргені немесе біреудің итеріп жібергені белгісіз.

Қайғылы оқиға Ақтаудағы элиталық тұрғын үй кешенінің бірінде болған. 13-қабаттан құлаған қыз сол сәтте жан тапсырған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ дейді полицейлер. Алайда нақты көз жеткізу үшін сот-медициналық сараптама жасалады.

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім осы үйде туысының қолында тұрған екен. Үш жылдан бері отбасылық жанжал немесе ұрыс-керісті байқамадық дейді көршілері.

“Шақыртуға жедел тергеу тобы шықты. Оқиға орнында денесінде зорлық-зомбылық ізі жоқ 16 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл деректі Ақтау полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаева.