ТЖМ жаңа жылдық мереке күндері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

0
1 226

​Жаңа жылдық мереке кезіндегі басты міндет – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені дәл осы кезең аса қауіпті.


ТЖМ жаңа жылдық мереке күндері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

ERNUR.KZ. ТЖМ азаматтарды жаңа жылдық мереке күндері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.

Дәл қазір халыққа қауіпсіз мінез-құлық, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, жарақаттанудың алдын алу, пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану және т.б. бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.


Осыған байланысты, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мерекелік жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде ережелер мен талаптарды сақтау мәселелеріне назар аудару үшін «Қауіпсіз жаңа жыл акциясы» өткізілуде.

Аумақтық ТЖД «Атамекен» өңірлік ҰКП алаңдарында мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен «Қауіпсіз жаңа жыл» тақырыбында брифингтер, баспасөз конференциялары өткізілді, онда жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде негізгі талаптар жеткізілді.


Осы акция аясында білім беру мекемелерінде кәсіпкерлермен 88 дөңгелек үстел және 132 интерактивті сабақ ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар өткізілетін 4 605 орын қаралды. 3 003 нұсқама өткізілді, онда 20 мыңнан астам адам қамтылды. 16 917 дана үгіт-түсіндіру материалы таратылды.


Сонымен қатар, пиротехниканы пайдалану ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары мен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс – шараның негізгі мақсаты-заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімді сақтау, есепке алу, пайдалану, сатып алу және тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сондай-ақ сертификатталмаған өнім берушілерді анықтау, қоғамдық орындарда, көшелерде және тұрғын үйлерде төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау.


Мәселен, полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен пиротехникалық бұйымдарды өткізу және сақтау объектілерін тексеру бойынша 1 060 рейдтік іс-шара өткізілді, бұл ретте 5 мыңнан астам бұзушылық анықталды.